Елорда жаңалықтары

Жұмыс жағдайы туралы айтқан медицина қызметкерлері жазалана ма – басқарма жауабы

[caption id="attachment_7988" align="alignnone" width="600"] Дереккөз: kr-gazeta.ru[/caption] Журналистерге жұмыс жағдайы туралы айтқан медицина қызметкерлері 14 күндік карантиннен кейін жазаланады немесе жұмысынан босатылады деген рас па? Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұндай факт болды (дәрігерлер тілшілерге айтты - автор). Біздің әріптестер, инфекциялық стационардың орта медициналық қызметкерлері солай жасады. Бүгінгі күні олар карантинде жатыр. Яғни, екі апта демалады. Одан кейін өз функционалдық міндеттеріне кіріседі. Біз оларды жұмыстан шығаруды жоспарлап отырған жоқпыз», - деді Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->