Елорда жаңалықтары

Халықты дәрімен қамту Үкіметтің басты назарында – Есқалиев

«Қазіргі уақытта халықты дәрімен қамтамасыз ету Үкіметтің басты назарында. Бұған дейін пандемияның бірінші толқынында дәрі жетіспеушілігі болғанын білесіздер. Алайда қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша жағдай тұрақсыз. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар шұғыл шешім қабылдады. Біріншіден, әр медициналық ұйымды бір айлық дәрі қорымен қамтамасыз ету. Осы ретте бүгінде 20 млрд теңгеге 91 түрлі препарат алынды. Ол үнемі жаңартылып отырады. Екіншіден, коронавирустық инфекция жұқтырғандарға немесе пневманиямен ауырғандарға тегін амбулаториялық ем жүргізіледі. Бұл тұрғыда миллионға жуық адамға шақталғанда екі миллиард теңгенің бес түрлі препаратымен қамтамасыз етілген. Комиссия қабылдаған үшінші шешім – коронавирустың екінші толқынына дайындықты күшейту. Бұл ретте 44 түрлі преапарат сатып алынуда. Қазіргі уақытта оның 39 түрі сатып алынды», - деді ол. --> «Қазіргі уақытта халықты дәрімен қамтамасыз ету Үкіметтің басты назарында. Бұған дейін пандемияның бірінші толқынында дәрі жетіспеушілігі болғанын білесіздер. Алайда қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша жағдай тұрақсыз. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар шұғыл шешім қабылдады. Біріншіден, әр медициналық ұйымды бір айлық дәрі қорымен қамтамасыз ету. Осы ретте бүгінде 20 млрд теңгеге 91 түрлі препарат алынды. Ол үнемі жаңартылып отырады. Екіншіден, коронавирустық инфекция жұқтырғандарға немесе пневманиямен ауырғандарға тегін амбулаториялық ем жүргізіледі. Бұл тұрғыда миллионға жуық адамға шақталғанда екі миллиард теңгенің бес түрлі препаратымен қамтамасыз етілген. Комиссия қабылдаған үшінші шешім – коронавирустың екінші толқынына дайындықты күшейту. Бұл ретте 44 түрлі преапарат сатып алынуда. Қазіргі уақытта оның 39 түрі сатып алынды», - деді ол.