Елорда жаңалықтары

Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы қалай шешілді

«Өздеріңіз білетіндей, биыл маусым айының соңы мен шілде айының басында еліміздің ауруханалары мен провизорлық орталықтарында дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Бұл тапшылық бөлшек-сауда желісінде көрініс тапты. Осы мақсатта нарықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі басқа елдерден 10 млн-нан астам қаптама көлемінде ұшақ борттары мен дәрілік заттардың 50-ден астам атауын жеткізуді ұйымдастырды. Бұл дәрі-дәрмектер аймақтар арасында біркелкі бөлінді», - дейді ведомство өкілі.

Сөзін жалғай отырып, дәрі-дәрмекке деген қолжетімділікті оңайлату үшін министрлік рұқсат беру құжаттарын бір тәулікке дейін беру рәсімдерін жеңілдеткенін атап өтті. «Бұған қоса КВИ екінші толқыны жағдайында өңірлерде сұранысқа ие дәрілік препараттар сатып алу үшін көтерме дистрибьюторларға қайтарымды негізде қаражат бөлу үшін тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта өңірлермен 17,9 млрд теңге бөлінді», - дейді ол.

--> «Өздеріңіз білетіндей, биыл маусым айының соңы мен шілде айының басында еліміздің ауруханалары мен провизорлық орталықтарында дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Бұл тапшылық бөлшек-сауда желісінде көрініс тапты. Осы мақсатта нарықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі басқа елдерден 10 млн-нан астам қаптама көлемінде ұшақ борттары мен дәрілік заттардың 50-ден астам атауын жеткізуді ұйымдастырды. Бұл дәрі-дәрмектер аймақтар арасында біркелкі бөлінді», - дейді ведомство өкілі.