Елорда жаңалықтары

Қайым Мұхамедханов Абайды тану жолында қандай еңбек сіңірді – қайымтанушы

«Кезінде Мұхтар Әуезовке «Абайды танып болдыңыз ба?» деп сұрақ қойылғанда ол: «Абай – алып мұхит. Мен тек шөмішпен шетінен сүзіп алдым. Мұхит таусыла ма?» деген екен. Абай – асқар шың. Ал шыңды тану үшін әртүрлі баспалдақтар болады. Мысалы, Эверест шыңына шыққан әр альпинист өзінің белгілерін қалдырады. Сол сияқты біз Абайды Әуезовтің жазғандары арқылы және Қайым Мұхамедханов пен Мекемтас Мырзахметовтің шығармашылығы арқылы танимыз. Бұл жерде «Қайымның абайдытануға қанай еңбегі сіңді?» деген заңды сұрақ қойылуы мүмкін. Бұл ретте Қайымның еңбегінің ең бірінші ауызға оралатын ісі «Абайдың ақындық мектебі» деген үлкен жобаны ғылыми айналысқа енгізгенін айтуға болады. Осы тұрғыда қаншама әдеби тартыстар болды. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Екіншіден, Қайым – Абай өлеңдерінің текстологы. Абайдың 179 өлеңі мен поэмаларының дұрыс жазылуына, ондағы әрбір сөздің мағынасы дұрыс болуына зер салған. Бұл жұмыстар сонау 1957-1958 жылдары басталған», - деді Ербол Іргебай.

Сонымен қатар ол Қайым Мұхамедхановтың Абай мұражайын ашуға және Абайдың 100 жылдық мерейтойының ұйымдастырылуына зор үлес қосқанын атап өтті.

--> «Кезінде Мұхтар Әуезовке «Абайды танып болдыңыз ба?» деп сұрақ қойылғанда ол: «Абай – алып мұхит. Мен тек шөмішпен шетінен сүзіп алдым. Мұхит таусыла ма?» деген екен. Абай – асқар шың. Ал шыңды тану үшін әртүрлі баспалдақтар болады. Мысалы, Эверест шыңына шыққан әр альпинист өзінің белгілерін қалдырады. Сол сияқты біз Абайды Әуезовтің жазғандары арқылы және Қайым Мұхамедханов пен Мекемтас Мырзахметовтің шығармашылығы арқылы танимыз. Бұл жерде «Қайымның абайдытануға қанай еңбегі сіңді?» деген заңды сұрақ қойылуы мүмкін. Бұл ретте Қайымның еңбегінің ең бірінші ауызға оралатын ісі «Абайдың ақындық мектебі» деген үлкен жобаны ғылыми айналысқа енгізгенін айтуға болады. Осы тұрғыда қаншама әдеби тартыстар болды. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Екіншіден, Қайым – Абай өлеңдерінің текстологы. Абайдың 179 өлеңі мен поэмаларының дұрыс жазылуына, ондағы әрбір сөздің мағынасы дұрыс болуына зер салған. Бұл жұмыстар сонау 1957-1958 жылдары басталған», - деді Ербол Іргебай.

Сонымен қатар ол Қайым Мұхамедхановтың Абай мұражайын ашуға және Абайдың 100 жылдық мерейтойының ұйымдастырылуына зор үлес қосқанын атап өтті.