Ербол Іргебай: «Ер қазақ» пен Қайым – егіз ұғым
[caption id="attachment_46188" align="alignnone" width="512"] Фотода Қайым Мұхамедханов пен Мұхтар Әуезов/1940 жыл/Семей қаласы[/caption]
Сонымен қатар Ербол Іргебай Қайым Мұхамедхановтың ғалымдығы мен драматургтігінен бөлек, азаматтығының өзі де бір төбе екенін айтты.
«Тергеу барысында Қайым Мұхамедхановқа «кандидаттық диссертацияны Әуезов жазып берді деп айтсаң, босатыласың» дейді. Бірақ Қайым ұстаз өзінің принципінде тұрып, үйінде алты баласы болса да, адалдықтан аттамай, диссертацияны өзінің жазғанын айтады. Өйткені ол егер өтірік айтса, өмір бойы ар-ұяты мазалап өтер еді. Қайымның ондайға жаны қас. "Абайдың мектебі бар, болды, бола да береді" дейді. Содан кейін ол соттың үкімімен 25 жылға бас бостандығынан айырылады. Алайда қазақтың бағына, Қайымның бағына орай 1953 жылы Сталин қайтыс болған соң Қайым Мұхамедхановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы ол бостандыққа шығады. Айта кету керек, Қайым Мұхамедханов – 1945 жылғы қазақтың алғашқы мемлекеттік гимнінің авторы. Ондағы «Ер қазақ» деген сөзі қазіргі уақытта Қайым деген атымен қатар айтылады. Яғни «Ер қазақ» пен Қайым – егіз ұғым. Бұл жерде оның ғалымдығы мен драматургтігінен бөлек, азаматтығының да биік екенін, қайсар, өр тұлға екенін көруге болады. Өзінің бір өлеңінде «Ит боп үріп, мен ешкімді қаппадым. Қастық жасап, кісіге оқ атпадым. Алтын көріп, адал жолдан таймадым! Сұғанақ боп, арам астан татпадым!» деген еді. «Алтын көріп, адал жолдан таймадым!» деген ол кісінің өмірлік ұстанымы да еді. Қазақ азаматтары осындай тұлғадан үлгі алса екен деймін», - деді Ербол Іргебай.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ербол Іргебайдың абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың Абайды тануда қандай еңбек сіңіргенін айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.