Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапшылар саны артады
Алғашқы 3 күнде әзірлеуші органдардан 320-дан астам НҚА жобалары келіп түсті. Осыған байланысты НҚА жобаларына уақтылы және сапалы қорытындыларды дайындау үшін Үйлестіруші мынадай кезеңдерді қамтитын сарапшыларды қайта конкурстық іріктеуді бастады: 1) құжаттарды қабылдау (5 жұмыс күні, 9-13 қараша аралығында); 2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (2 жұмыс күні, 16-18 қараша аралығында); 3) кандидаттарды онлайн-тестілеуді өткізу (1 сағат ішінде - 23 қарашада өткізіледі); 4) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен әңгімелесу (3 жұмыс күні ішінде, 30 қарашаға дейін). Жалпы, іріктеудің барлық кезеңдеріне 16 жұмыс күні беріледі. Конкурстық іріктеуге қатысуға сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкес келетін барлық тілек білдірген азаматтар шақырылады, олармен Агенттік пен үйлестірушінің сайтында толығырақ танысуға болады. Құрамында университет қызметкерлері, Қоғамдық кеңес, арнайы мониторингтік топ, «Солтүстік Қазақстан медиа-орталығы» ҚҚ мен Агенттіктің өкілдері бар конкурстық комиссия іріктеу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен үміткерлер сарапшылар тізіліміне енгізіл, осы жылдың 2 желтоқсанынан бастап сараптама жүргізуге жіберіледі.
-->Алғашқы 3 күнде әзірлеуші органдардан 320-дан астам НҚА жобалары келіп түсті. Осыған байланысты НҚА жобаларына уақтылы және сапалы қорытындыларды дайындау үшін Үйлестіруші мынадай кезеңдерді қамтитын сарапшыларды қайта конкурстық іріктеуді бастады: 1) құжаттарды қабылдау (5 жұмыс күні, 9-13 қараша аралығында); 2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (2 жұмыс күні, 16-18 қараша аралығында); 3) кандидаттарды онлайн-тестілеуді өткізу (1 сағат ішінде - 23 қарашада өткізіледі); 4) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен әңгімелесу (3 жұмыс күні ішінде, 30 қарашаға дейін). Жалпы, іріктеудің барлық кезеңдеріне 16 жұмыс күні беріледі. Конкурстық іріктеуге қатысуға сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкес келетін барлық тілек білдірген азаматтар шақырылады, олармен Агенттік пен үйлестірушінің сайтында толығырақ танысуға болады. Құрамында университет қызметкерлері, Қоғамдық кеңес, арнайы мониторингтік топ, «Солтүстік Қазақстан медиа-орталығы» ҚҚ мен Агенттіктің өкілдері бар конкурстық комиссия іріктеу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен үміткерлер сарапшылар тізіліміне енгізіл, осы жылдың 2 желтоқсанынан бастап сараптама жүргізуге жіберіледі.