Нұр-Сұлтанда қыштан түрлі бұйымдар жасайтын әлеуметтік-инклюзивтік коворкинг-орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан қаласында «Astana» ӘКК» АҚ-ның қолдауымен қыштан түрлі бұйымдар жасайтын шеберхана үшін екінші әлеуметтік-инклюзивтік коворкинг-орталығы ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Орталықтың мақсаты – ерекше балаларға өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруды, көпшіл болуға баулуды және саздан ерекше бұйымдар жасауды үйрету. «Қыш ісі бойынша сабақтың ерекшелігі – ұсақ моториканы дамытады, шыдамдылық пен төзімділікті арттырады, қимыл-қозғалыс координациясын жақсартады. Шеберханада бір қыш шеңбері мен бұйымдарды күйдіруге арналған пеш орнатылған, сондай-ақ сабаққа қажетті барлық заттар бар», деп көрсетті «Astana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі. Орталықтың ашылуында саздан түрлі бұйымдарды мүсіндеу мен өңдеу бойынша байқау сабағы өтті. Барлық қатысушылар қыш ісі туралы көп мәлімет алды, баға жетпес тәжірибе жинақтады.
-->Нұр-Сұлтан қаласында «Astana» ӘКК» АҚ-ның қолдауымен қыштан түрлі бұйымдар жасайтын шеберхана үшін екінші әлеуметтік-инклюзивтік коворкинг-орталығы ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Орталықтың мақсаты – ерекше балаларға өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыруды, көпшіл болуға баулуды және саздан ерекше бұйымдар жасауды үйрету. «Қыш ісі бойынша сабақтың ерекшелігі – ұсақ моториканы дамытады, шыдамдылық пен төзімділікті арттырады, қимыл-қозғалыс координациясын жақсартады. Шеберханада бір қыш шеңбері мен бұйымдарды күйдіруге арналған пеш орнатылған, сондай-ақ сабаққа қажетті барлық заттар бар», деп көрсетті «Astana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі. Орталықтың ашылуында саздан түрлі бұйымдарды мүсіндеу мен өңдеу бойынша байқау сабағы өтті. Барлық қатысушылар қыш ісі туралы көп мәлімет алды, баға жетпес тәжірибе жинақтады.