Елордалық полицейлер бір аптада есігі ашық қалған 140-тан астам машинаны анықтады
Полицейлер кешкі уақытта Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы аулаларды патрульдеу барысында есігі ашық тұрған көлікті байқайды. Дереу автомашинаның иесін анықтап хабар береді. ПД ПП Полкі қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында есігі мен жүксалғышы ашық қалған автомашиналарды анықтайды. Осындай рейдтің нәтижесінде жыл басынан бері есігі ашық қалған 30 мыңға жуық автомашина анықталды. «Автокөліктегі заттарды ұрлаудың алдын алу және ескерту мақсатында тұрғындарға арнайы жаднамалар таратылады. Бір аптаның ішінде 1000-нан аса жүргізушіге жадынама табысталды. Нұр-Сұлтан қаласы ПД көлік құралдарының иелерін есігі ашық қалған және қарапайым қорғаныс құрылғылары жоқ автокөліктерге жиі ұрлық жасалатыны туралы ескертеді. Сақ болыңыздар! автокөліктің есіктері мен терезелерін ашық қалдырмаңыздар, дабыл орнатыңыздар, көлік құралын күзетілетін тұраққа қойыңыздар!» - деп жазады Полиция департаменті.
-->Полицейлер кешкі уақытта Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы аулаларды патрульдеу барысында есігі ашық тұрған көлікті байқайды. Дереу автомашинаның иесін анықтап хабар береді. ПД ПП Полкі қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында есігі мен жүксалғышы ашық қалған автомашиналарды анықтайды. Осындай рейдтің нәтижесінде жыл басынан бері есігі ашық қалған 30 мыңға жуық автомашина анықталды. «Автокөліктегі заттарды ұрлаудың алдын алу және ескерту мақсатында тұрғындарға арнайы жаднамалар таратылады. Бір аптаның ішінде 1000-нан аса жүргізушіге жадынама табысталды. Нұр-Сұлтан қаласы ПД көлік құралдарының иелерін есігі ашық қалған және қарапайым қорғаныс құрылғылары жоқ автокөліктерге жиі ұрлық жасалатыны туралы ескертеді. Сақ болыңыздар! автокөліктің есіктері мен терезелерін ашық қалдырмаңыздар, дабыл орнатыңыздар, көлік құралын күзетілетін тұраққа қойыңыздар!» - деп жазады Полиция департаменті.