Елордада адам және азаматтардың конституциялық құқықтары туралы дәріс өтті
Сарыарқа аудандық соты, «ҚОРҒАУ» заңгерлер мен медиаторлардың халықаралық академиясы және «ҚОРҒАУ» заңгерлер мен медиаторлардың интеллектуалдық клубының ұйымдастырған шараға «Тұран Астана» университеті мен Еуразиялық гуманитарлық институтының білім алушылары және оқытушылары қатысты. Дәріс барысында адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары оларды қорғау мен сақтаудың тетіктері жөнінде айтылды. Адам және азаматтардың сот арқылы қорғалуының конституциялық-құқықтық негіздеріне арнайы тоқтап, сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатындығын атап көрсетті. Сотта қаралатын азаматтық істердің санаттары, оның ішінде отбасы қатынастарынан туындайтын даулар, тұрғын үй қатынастарынан туындайтын, мұрагерлік қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істердің сотта қарау ерекшеліктерін тарқатып айтып берді. Кездесу соңында тыңдаушылар сұрақтарына жауап алып, алдағы уақытта түрлі тақырыпта жиі дәрістер өткізіп тұруға уағдаласты.
-->Сарыарқа аудандық соты, «ҚОРҒАУ» заңгерлер мен медиаторлардың халықаралық академиясы және «ҚОРҒАУ» заңгерлер мен медиаторлардың интеллектуалдық клубының ұйымдастырған шараға «Тұран Астана» университеті мен Еуразиялық гуманитарлық институтының білім алушылары және оқытушылары қатысты. Дәріс барысында адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары оларды қорғау мен сақтаудың тетіктері жөнінде айтылды. Адам және азаматтардың сот арқылы қорғалуының конституциялық-құқықтық негіздеріне арнайы тоқтап, сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатындығын атап көрсетті. Сотта қаралатын азаматтық істердің санаттары, оның ішінде отбасы қатынастарынан туындайтын даулар, тұрғын үй қатынастарынан туындайтын, мұрагерлік қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істердің сотта қарау ерекшеліктерін тарқатып айтып берді. Кездесу соңында тыңдаушылар сұрақтарына жауап алып, алдағы уақытта түрлі тақырыпта жиі дәрістер өткізіп тұруға уағдаласты.