Елорда әкімі бірқатар мәдени-спорттық кешендердің жөндеу жұмыстарымен танысты
Елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар мәдени-спорттық кешендердің жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Қала тұрғындарына жайлы жағдай жасау үшін бірқатар мәдени-спорттық кешендерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Таңертеңгілік аралау кезінде «Жастар сарайы», «Астана Арена» стадионы мен «Толқын» спорт кешеніндегі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Жастар сарайы 46 жыл бұрын салынды. Ғимараттағы бассейнді жөндейміз. Ерекше қажеттілігі бар адамдар, әсіресе балалар осы бассейнді пайдалана алады. Жастарға арналған коворкинг-орталық та болады», - деп жазды А.Көлгінов.
Мәдени-спорттық кешендердің бір бөлігі «жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөнделеді. Бағдарлама бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, ал мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Қазақстан» спорт кешені жөндеуден өтеді.
[caption id="attachment_19566" align="alignnone" width="1440"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]
[caption id="attachment_19571" align="alignnone" width="1440"]
Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]