Елорда жаңалықтары

Полиция департаменті: Елордалық азамат көршісінің банк картасын ұрлап, шотындағы бар ақшасын шығарып алған

Тергеу барысында олардың бірі  «Шапағат» коммуналдық базарында жұмыс істейтіні белгілі болды. Жәбірленуші дүкеннен тамақ сатып алу кезінде ақша жіберу үшін жігітке өзінің ұялы телефонын бірнеше рет берген. «Жас жігіт көршісінің сенімін пайдаланып, оның банк картасын ұрлап алған. Пин-кодын да біліп алып, банкоматтардың бірінде оның бар ақшасын шешіп алыпты. Осылайша көршісіне 300 мың теңге сомасында залал келтірген», - деп жазады Полиция департаменті. Күдікті тергеу барысында ұрлық жасағанын мойындады, алайда жымқырып алған ақшаның бәрін жұмсап жіберіпті. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (ұрлық) қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

-->