Елордалық студенттерге «түнгі соттың» ерекшеліктері туралы айтылды
«Әкімшілік сот ісін жүргізуді реформалау. Түнгі соттың ерекшеліктері» жобасын Нұр-Сұлтан қаласы соттарының қолдауымен «Ерекше мерекелер», «QORGAU» қоғамдық қорларының қолдауымен «QORGAU» заңгер-медиаторлардың зияткерлік клубы өткізді. Қазіргі судья Айгүл Қайдарованың айтуынша, «түнгі сот» әкімшілік іс бойынша өндіріс мерзімін қысқартуға бағытталған, сондықтан залалды өтеу және тараптардың жауапкершілігі мәселелерін тезірек шеше алады. «Жол-көлік оқиғасы орын алған кезде зардап шегушіге шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Жол апаты болған сәттен бастап жәбірленуші тиісті қаражат ала алатын уақытқа дейін іс қалай жүргізіледі? Полиция әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады. Хаттама жасалғаннан кейін, әкімшілік іс материалы рәсімделгеннен кейін полицей бұл істі әкімшілік полиция басқармасына жібереді. Ары қарай ол әкімшілік соттың іс жүргізуіне түседі. Инспектор хаттама жасаған сәттен бастап полиция істі сотқа жібергенге дейін бір ай, тіпті екі ай өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде жәбірленуші тарап сот шешімінің орындалуын күтіп отырады. Себебі сақтандыру компаниясы сот шешімінсіз және заңды күшіне енбей тұрып ешқандай әрекет жасамайды», - деді судья мысал келтіре отырып. Сотта іс 15 жұмыс күні ішінде қаралуы мүмкін, түпкілікті қаулының өзі 10 күннен кейін ғана күшіне енеді. Осылайша, жол апаты болған сәттен бастап сот шешімі шығарылғанға дейін бір айдан астам уақыт өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде сақтандыру компаниясының төлемін күтетін болады. Кәдімгі сот ісін жүргізудің баламасы – «Түнгі сот». Бұл істі жылдам қарауға және бірнеше күн ішінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Тиісінше тараптардың уақыты да үнемделеді, өйткені бұл жағдайда сот дауын жұмыс кестесінен қол үзбей кешкі уақытта (сағат 18.30-дан 22.00-ге дейін) шешуге болады. Айгүл Қайдарованың айтуынша, ол «түнгі сотта» күніне 80-нен астам істі қарайды. Кездесу соңында спикер студенттердің сотта жұмыс істеу туралы сұрақтарына жауап берді және болашақ заңгерлерге кәсіби қызметінде көмектесуі мүмкін кеңес берді.
-->«Әкімшілік сот ісін жүргізуді реформалау. Түнгі соттың ерекшеліктері» жобасын Нұр-Сұлтан қаласы соттарының қолдауымен «Ерекше мерекелер», «QORGAU» қоғамдық қорларының қолдауымен «QORGAU» заңгер-медиаторлардың зияткерлік клубы өткізді. Қазіргі судья Айгүл Қайдарованың айтуынша, «түнгі сот» әкімшілік іс бойынша өндіріс мерзімін қысқартуға бағытталған, сондықтан залалды өтеу және тараптардың жауапкершілігі мәселелерін тезірек шеше алады. «Жол-көлік оқиғасы орын алған кезде зардап шегушіге шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Жол апаты болған сәттен бастап жәбірленуші тиісті қаражат ала алатын уақытқа дейін іс қалай жүргізіледі? Полиция әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады. Хаттама жасалғаннан кейін, әкімшілік іс материалы рәсімделгеннен кейін полицей бұл істі әкімшілік полиция басқармасына жібереді. Ары қарай ол әкімшілік соттың іс жүргізуіне түседі. Инспектор хаттама жасаған сәттен бастап полиция істі сотқа жібергенге дейін бір ай, тіпті екі ай өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде жәбірленуші тарап сот шешімінің орындалуын күтіп отырады. Себебі сақтандыру компаниясы сот шешімінсіз және заңды күшіне енбей тұрып ешқандай әрекет жасамайды», - деді судья мысал келтіре отырып. Сотта іс 15 жұмыс күні ішінде қаралуы мүмкін, түпкілікті қаулының өзі 10 күннен кейін ғана күшіне енеді. Осылайша, жол апаты болған сәттен бастап сот шешімі шығарылғанға дейін бір айдан астам уақыт өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде сақтандыру компаниясының төлемін күтетін болады. Кәдімгі сот ісін жүргізудің баламасы – «Түнгі сот». Бұл істі жылдам қарауға және бірнеше күн ішінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Тиісінше тараптардың уақыты да үнемделеді, өйткені бұл жағдайда сот дауын жұмыс кестесінен қол үзбей кешкі уақытта (сағат 18.30-дан 22.00-ге дейін) шешуге болады. Айгүл Қайдарованың айтуынша, ол «түнгі сотта» күніне 80-нен астам істі қарайды. Кездесу соңында спикер студенттердің сотта жұмыс істеу туралы сұрақтарына жауап берді және болашақ заңгерлерге кәсіби қызметінде көмектесуі мүмкін кеңес берді.