Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 100 кәсіпорын жабылды

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті кәсіпорындардағы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын рейдтер жүргізеді. Рейд барысында қонақ үйлер, базарлар, мейрамханалар мен дәмханалар және т.б. көпшілік орындар тексерілді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Бүгінгі таңда біз елордалық бас санитарлық дәрігер қаулысының сақталуына байланысты мониторинг жүргізудеміз. Осы уақыт аралығында Сарыарқа ауданындағы 300 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде 100 нысанда санитарлық шаралар сақталмаған. Нысандар бұл олқылықты түзеткенге дейін жабылды. Кәсіпкерлерге түсіндіру жүргізілді. Нысандар саннормаларды қатаң сақтауға міндетті: кіреберісте санитайзерлер (антисептиктер) болуы тиіс, қызметкерлер мен клиенттер бетперде кию керек. Сондай-ақ үстел арасындағы 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Келушілер маска тағып жүруі қажет», - деп атап өтті Сарыарқа аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамира Нұран. Егер келуші жоғарыда аталған ережелердің сақтамағанын байқайтын болса, 109 нөміріне хабарласуға немесе Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының кез келген бөлімшесіне қоңырау шалып немесе өтініш/шағым жаза алады. «Барлық жауапкершілікті сезініп, саннормаларды сақтайтын азаматтар бар. Алайда, саннормалар мен талаптарды елемейтіндер де кездеседі. Біз жеткілікті мөлшерде антисептик сатып алдық. Кіреберісте қонақтар мен қызметкерлер қолын өңдей алады. Барлық жерде желдету жүйесі қондырылған. Барлық құрал-жабдықтар, оның ішінде үстелдер мен орындықтар арнайы сұйықтықпен өңделеді», - дейді «Избушка» асханасының әкімшісі Гүлжаухар Биғалиева. Кәсіпкерлер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс, өйткені індетті жұқтыру қаупі әлі де сақталады. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда нысандар өз жұмысын тоқтатады. [caption id="attachment_19472" align="alignnone" width="1280"] Фото: Сұлтан Сеитов/ Elorda Aqparat[/caption]

-->