Елорда жаңалықтары

Өңірлерге 665 ұшу ұйымдастырылып, 1 099 балаға көмек көрсетілді – Ажар Ғиният

«Пандемия кезінде балаларға амбулаториялық емхана деңгейінде медициналық көмектер ұйымдастыру шеңберінде әрбір балаға, жүкті әйелдерге бөлек фильтр, бөлмелер ұйымдастырылды. Барлық емханаларда оларды бөлек дәлізбен кіргізіп, керекті профилактикалық емдерін, қызметтерін көрсетіп жатыр», - дейді вице-министр.

Ведомство өкілі сөз арасында қажетті дәрі-дәрмектер барлық емханаларда жеткілікті екенін ерекше атап өтті. «Санитарлық авиация желісі бойынша өңірлерге 665 ұшу ұйымдастырылып, 1 099 балаға, оның ішінде 283 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді. Республикалық орталықтарға 917 бала тасымалданды. 72 балаға кеңес беріліп, 23 балаға ота жасалды. Республикалық орталықтың мамандары онлайн режимде үздіксіз консультациялар өткізді», - дейді Ажар Ғиният. Сонымен бірге дені сау адамдарға жіті респиратуралық инфекциясы бар, жүкті әйелдерге арналған түрлі жадынамалар әзірленгенін жеткізді.

--> «Пандемия кезінде балаларға амбулаториялық емхана деңгейінде медициналық көмектер ұйымдастыру шеңберінде әрбір балаға, жүкті әйелдерге бөлек фильтр, бөлмелер ұйымдастырылды. Барлық емханаларда оларды бөлек дәлізбен кіргізіп, керекті профилактикалық емдерін, қызметтерін көрсетіп жатыр», - дейді вице-министр.