Елорда жаңалықтары

Биылғы 9 айда 320 мың бала дүниеге келді – Ажар Ғиният

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміз бойынша бала туу саны артты. Биылғы 9 айда балалар арасындағы ауру мен өлім-жітім деңгейі төмендеді. Осылайша, 9 ай ішінде 320 302 бала дүниеге келді. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 5 пайызға жоғары. Сонымен қатар 9 айдың қорытындысы бойынша еліміздегі 18 жасқа дейінгі балалардың сырқаттану деңгейі 15 пайызға төмендеді. Ал тыныс алу ағзалары ауруына шалдыққан балалар саны 17 пайызға азайған. Сондай-ақ балалар арасындағы тұмау ауруы былтырғымен салыстырғанда 28 пайызға аз тіркеліп отыр. Сол сияқты әртүрлі пневмонияға шалдығу көрсеткіші былтырғыға қарағанда 3,5 пайызға азайғаны байқалады. Сонымен қатар нәрестелер өлімі 2,5 пайызға, ал балалар өлімі 8 пайызға төмендеді. Қазіргі пандемия кезінде балалар денсаулығын қорғауға денсаулық сақтау жүйесі тарапынан көптеген шаралар қабылданып отыр»,–  деді ол. --> «Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміз бойынша бала туу саны артты. Биылғы 9 айда балалар арасындағы ауру мен өлім-жітім деңгейі төмендеді. Осылайша, 9 ай ішінде 320 302 бала дүниеге келді. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 5 пайызға жоғары. Сонымен қатар 9 айдың қорытындысы бойынша еліміздегі 18 жасқа дейінгі балалардың сырқаттану деңгейі 15 пайызға төмендеді. Ал тыныс алу ағзалары ауруына шалдыққан балалар саны 17 пайызға азайған. Сондай-ақ балалар арасындағы тұмау ауруы былтырғымен салыстырғанда 28 пайызға аз тіркеліп отыр. Сол сияқты әртүрлі пневмонияға шалдығу көрсеткіші былтырғыға қарағанда 3,5 пайызға азайғаны байқалады. Сонымен қатар нәрестелер өлімі 2,5 пайызға, ал балалар өлімі 8 пайызға төмендеді. Қазіргі пандемия кезінде балалар денсаулығын қорғауға денсаулық сақтау жүйесі тарапынан көптеген шаралар қабылданып отыр»,–  деді ол.