Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 инфекциясы қай елдерде күрт артқанын мәлім етті
«Әлемде аурудың өсуі жалғасуда. Қазіргі уақытта әлемнің 216 елінде КВИ-дің 48 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылықтың өсуі 1 пайыз. 1 млн 200-дей адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,6 пайыз болып отыр. Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде бұрынғысынша аурудың өсуі жалғасуда. Соңғы айда Германияда ауру өскені байқалады. Онда өсім 0,9 пайыздан 3 пайызға дейін артты. Яғни соңғы тәулікте 16 545 жағдай тіркелді. Украинада соңғы тәулікте 8 899 жағдай, Ресей Федерациясында соңғы тәулікте 18 648 жағдай, Испанияда 18 669 жағдай, Францияда 36 330 жағдай, Чехияда 6 803 жағдай, Италияда 28 244 жағдай тіркелді», - дейді вице-министр.
Айта кетейік, Қазақстанда 4 қарашадағы жағдай бойынша 113 741 науқас тіркелді. Оның ішінде 106 893 науқас сауығып шықты. Қазір 981 науқас ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясының оң нәтижесі бар 432 адам тіркелді. Ал жалпы саны 1 867 адам қайтыс болды.
--> «Әлемде аурудың өсуі жалғасуда. Қазіргі уақытта әлемнің 216 елінде КВИ-дің 48 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылықтың өсуі 1 пайыз. 1 млн 200-дей адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,6 пайыз болып отыр. Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде бұрынғысынша аурудың өсуі жалғасуда. Соңғы айда Германияда ауру өскені байқалады. Онда өсім 0,9 пайыздан 3 пайызға дейін артты. Яғни соңғы тәулікте 16 545 жағдай тіркелді. Украинада соңғы тәулікте 8 899 жағдай, Ресей Федерациясында соңғы тәулікте 18 648 жағдай, Испанияда 18 669 жағдай, Францияда 36 330 жағдай, Чехияда 6 803 жағдай, Италияда 28 244 жағдай тіркелді», - дейді вице-министр.Айта кетейік, Қазақстанда 4 қарашадағы жағдай бойынша 113 741 науқас тіркелді. Оның ішінде 106 893 науқас сауығып шықты. Қазір 981 науқас ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясының оң нәтижесі бар 432 адам тіркелді. Ал жалпы саны 1 867 адам қайтыс болды.