Елорда жаңалықтары

Қазақстандағы әрбір бес аккумулятордың төртеуі – отандық өнім

Еліміздегі  аккумулятор шығаратын компаниялардың бірі «Қайнар – АКБ» биылғы қазан айында өнім өндіруден рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Компания 331 мың аккумулятор шығарды. Норма бойынша көрсеткіш - 216 мың. Өндірістің барлық жаңа көлемі алдағы айларда экспортқа жіберіледі. Мұндай нәтижеге зауыт ұжымының қажырлы еңбегінің және Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнес пен мемлекет арасындағы серіктестіктің арқасында қол жеткізілді. Жалпы, Қазақстандағы әрбір бес аккумулятордың төртеуі – отандық өнім", - делінген ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

-->