Тұран жолбарысының популяциясы қалпына келтіріледі - министрлік
Министрліктің мәліметінше, Іле өзенінің дельта ауданындағы Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы және содан шығысқа қарайғы жер Тұран жолбарысы жерсіндірілетін аумақ ретінде таңдалып отыр. Бұл маңда жолбарыс мекен етуге жарайтын 1 млн гектар жер бар. Болжам бойынша, аумақта Каспий жолбарысының санын 100-ден 200-ге дейін жеткізуге болады.
Тұран жолбарыстары Таяу Шығыстың 13 елінде, Кавказда, Орталық Азияда Түркиядан Қытайдың солтүстік-батысына дейінгі жерде мекендеген.
Ғалымдардың пікірінше, Тұран жолбарыстарының жоғалып кетуінің негізгі себебі мақсатты түрде ату, жолбарыстың негізгі қорегі - тұяқты жануарларға бақылаусыз аңшылық пен ирригациялық жобалар әсерінен мекен ету ортасының бүлінуі.
"2018 жылы «Іле-Балқаш» резерваты құрылды. Аумақты браконьерлерден қорғау, заңсыз табиғат пайдалану жұмыстарына жол бермеу шаралары жүзеге асырылуда. Сонымен бірге биотехеникалық шаралар арқылы қабандарды көбейту, бұқар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осы аталғандардан кейін экожүйе жолбарыс популяциясын ұстап тұруға қабілетті болады. Реинтродукция үшін амур жолбарыстары әкелінеді", - делінген ақпаратта.
Айта кетсек, 2010 жылы Қазақстан халықаралық жолбарыс саммитінде Орталық Азияға Тұран жолбарыстарын қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Ал 2017 жылы Қазақстан мен Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) Оңтүстік Балқаш маңы мен Іленің Дельта ауданында жолбарыстың реинстродукциясы Бағдарламасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды.
-->Министрліктің мәліметінше, Іле өзенінің дельта ауданындағы Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы және содан шығысқа қарайғы жер Тұран жолбарысы жерсіндірілетін аумақ ретінде таңдалып отыр. Бұл маңда жолбарыс мекен етуге жарайтын 1 млн гектар жер бар. Болжам бойынша, аумақта Каспий жолбарысының санын 100-ден 200-ге дейін жеткізуге болады.