Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауға бөлінген квота бір тәулік ішінде игерілді
[caption id="attachment_45492" align="alignnone" width="696"] Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption]
Естеріңізге салсақ, тозығы жеткен агротехниканы қабылдаудың пилоттық бағдарламасы Қазақстанның 10 аймағында (Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Тараз) жүзеге асырылуда.
Айта кетсек, пилоттық жоба аясында комбайндар әзірге Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау қаласында қабылданады. Тракторлар мен комбайн тапсырғандарға жеңілдік сертификаттары беріледі. Жеңілдік сертификатының құны ауылшаруашылығы техникасының түрі мен жинтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.
Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған автокөлік құралын сатып алатын кезде пайдалануға болады. Жеңілдік сертификатымен K-730, K-742, K-740 сияқты елімізде кең қолданыста жүрген премиум санатындағы техникаларды және Lovol, Беларусь тракторларын, Essil, Acros комбайндарын және басқа да модельдегі техникаларды сатып алу кезінде пайдалануға болады.
Жаңа техникалардың барлық модельдерін отандық ауылшаруашылық техникаларын және автомобиль өндірушілердің ресми сайттарынан көруге болады.