Қазақы тазы мен төбетке спорттық мәртебе беру жоспарда бар - А.Райымқұлова
Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде министрлік ұлттық спортты қолдау жолында біраз бастаманы қолға алғанын атап өтті.
"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет екендігін айтты. Министрліктің басты бағыты бұқаралық спортты, соның ішінде ұлттық спортты дамыту. Бүгінгі күні, бұл бағытта арнайы Заң жобасы әзірленіп, Парламентте пысықталып жатыр. Заң жобасы аясында ұлттық спорт түрлерінің компоненттерін білім беру мекемелері, яғни «дене тәрбиесі» пәніне енгізу жоспарлануда. Ұлттық спорт түрлерін дамытудағы тағы да бір жоспарымыз, әрине, қазақы тазы мен төбетке спорттық мәртебе беру. Ерекше атап өтетінім, ит төбелесін Министрлік мүлдем қолдамайды. Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Сіздердің ұйымдарыңыздан және басқа да мүдделі ұйымдардан белсенді сарапшылар енді. Мұның бәрі құжатпен ресімделіп, менің бұйрығыммен бекітілді. Сонымен қатар, жұмыс тобы нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі,"- деді министр.
Өз кезінде Оралбай Әбдікәрімов тазы мен төбеттің популяциясын көбейту үшін жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі қажет екенін атап өтті.
Бүгінде министрлік тазы мен төбеттің санын арттыру, иттердің санағын дұрыс жүргізу, оны спорт түрі ретінде тану бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр.
Айта кетсек, жиынға сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Серік Жарасбаев та қатысты.
-->Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде министрлік ұлттық спортты қолдау жолында біраз бастаманы қолға алғанын атап өтті.