Елордадағы музыкалық субұрқақтың әуені жаңарады – Б.Жәкенов
Жақын арада «Нұржол» желекжолындағы музыкалық субұрқақтың әуені жаңарады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Facebook парақшасында жариялады.
«15 маусымға дейін «Нұржол» желекжолындағы субұрқақ жұмыс істемейді. Онда қазір су астындағы жарық түсіретін құралдар ауыстырылып жатыр. Яғни ескі шамдар жарық диодты жаңа шамдармен алмастырылады», – деп жазды Берік Жәкенов.
[caption id="attachment_19368" align="alignnone" width="900"] Фото: Берік Жәкенов/Facebook[/caption]
[caption id="attachment_19370" align="alignnone" width="960"]
Фото: Берік Жәкенов/Facebook[/caption]
Оның сөзінше, субұрқақтағы әуендер де жаңарады.
«Тағы бір жақсы жаңалық бар. Сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша музыкалық субұрқақтағы әуендерді де жаңартамыз. Алайда мұнда өзіндік қиындықтар да бар. Бұл процесс көп еңбекті қажет етеді. Барлығы ретімен, үйлесіммен жұмыс істеуі үшін мамандарымыз хореографияны қолмен бағдарламалап жатыр. Жақында сәнді субұрқақтан «Көзімнің қарасы», «Дудар-ай» және Батырхан Шүкенов пен Димаш Құдайбергеновтің әндерін, классикалық композицияларды тыңдайтын боламыз», – деді ол.