Елорда жаңалықтары

«Үркер – 2020» ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп, 2 қазанда «Үркер — 2020» Ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктерді бағалау үшін және журналистиканың беделін арттыруға, кәсіби стандарттарды бекітуге бағытталған. Бәйгенің қатысушылары қатарына контентті өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар енеді. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар: - жұмыстар 2019 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 1 қараша аралығында жариялануы тиіс; - жұмыстар баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. «Үркер — 2020» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн-форматта 2020 жылғы 13 қарашада өтеді.

-->