Жоғары оқу орындарында оқулықтанушы мамандығын оқыту қолға алынды - Бейсембаев
"Қай заманда, қай мемлекетте болса да оқулықтарда міндетті түрде қателіктер кетіп жатады. Оның ішінде полиграфиялық қателіктер бар. Қазіргі таңдағы авторлардың барлығының тәжірибесі мол, оқулық жазудан үлкен мектептерден өткен адамдар. Тек қана оқулықты жазудың негізгі бір ізге келтіру мақсатында оқулық авторларын оқыту ресми түрде қолға алынды. Оларды екі мекеме оқытып жатыр. 400-ден аса үміткер сол оқудан өтті. Оның бірі - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, екіншісін педагогика академиясы дайындауда. Сонымен қатар оқулық жазудағы оқулық авторларының әлеуетін көтеру бағытында педагогика жоғары оқу орындарында оқулықтанушы деген мамандықты енгізу қолға алынды. Жалпы біздің елімізде оқулық жазатын адамдарды жоғары оқу орындарда дайындау керек деген мәселе қарастырылуда», - деді Ғ.Бейсембаев.
Алтын Салық
--> "Қай заманда, қай мемлекетте болса да оқулықтарда міндетті түрде қателіктер кетіп жатады. Оның ішінде полиграфиялық қателіктер бар. Қазіргі таңдағы авторлардың барлығының тәжірибесі мол, оқулық жазудан үлкен мектептерден өткен адамдар. Тек қана оқулықты жазудың негізгі бір ізге келтіру мақсатында оқулық авторларын оқыту ресми түрде қолға алынды. Оларды екі мекеме оқытып жатыр. 400-ден аса үміткер сол оқудан өтті. Оның бірі - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, екіншісін педагогика академиясы дайындауда. Сонымен қатар оқулық жазудағы оқулық авторларының әлеуетін көтеру бағытында педагогика жоғары оқу орындарында оқулықтанушы деген мамандықты енгізу қолға алынды. Жалпы біздің елімізде оқулық жазатын адамдарды жоғары оқу орындарда дайындау керек деген мәселе қарастырылуда», - деді Ғ.Бейсембаев.Алтын Салық