Ауыз әдебиетін, балалар әдебиетін оқытамыз деп архаизмге беріліп кетуге болмайды – Матыжанов
«Бұрынғы әліппе ауыл мектептерінің балаларына лайықталып жасалған болатын. Алайда қазіргі уақытта қалалардағы қазақ мектептерінің де өркендеп келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан қаланың балаларына ұлттық әліпбиімізді қалай оқытамыз деген сұрақ та күн тәртібінде тұрады. Бұл тұрғыда біз ауыз әдебиетін, балалар әдебиетін оқытамыз деген күннің өзінде архаизмге беріліп кетуімізге болмайды. Қазіргі балалардың талғамымен де санасуға тура келеді. Осы тұрғыда қазіргі әлем әдебиетінің жаңа шығармаларын пайдалану керектігі де күн тәртібінде тұр. Бұл ретте тек әліппе ғана емес, ана тілін оқытуда да әлемдік шығармаларды таңдауда талғам керек болып отыр. Осы жағы қазіргі жаңа әліппеде жан-жақты ескерілді. Әрине, кемшіліксіз дүние болмайды. Сол себепті министрлік жаңа бағдарламаны дайындаған кезде оған көпшілікті қатыстырды. Жұмыс тобының ауқымы кең болып отыр. Онда тек әдебиетшілер мен тілшілер ғана емес, әдістемелік және психологиялық ғылымдардың мамандары кеңінен араласты», - деді ол.
-->