Әліппені қайтару қазақ қоғамындағы үлкен рухани оқиға сияқты – Кенжехан Матыжанов
«Әліппені қайтару қазақ қоғамындағы үлкен рухани оқиға сияқты болып көрініп отыр. Сондықтан осы үшін Білім және ғылым министрлігіне, министрдің қайраткерлігіне алғыс айтуға болады. Ал "Әліппені қалай қайтару керек?" деген сұрақ туындағанда сауат ашудың орнына әліппені әкеліп қоя салуға болмайтын болды. Осы жөнінде жиырмадан аса жиын өтті. Оның басым көпшілігінде бұрынғы әліппені қайтадан бұрынғы қалпында әкелудің мүмкін емес екендігі айқын көрінді. Сондықтан әліппені жасаушылардың арасында осы мәселе жөнінде үлкен айтыс-тартыстың болғанына куә болдық. Бұл ретте әліппенің мазмұндық сипатына ерекше мән берілді. Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық әдістемесі осы әліппені жасаудағы үлкен ұстаным болып отыр. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық ұстанымы тіпті кеңестік кезеңнің өзінде де қолданылмаған болатын. Ал оның қазіргі кезеңге қайтып келуін біздің ұлттық рухымызды көтеруге әсер ететін ерекше дүние деп айтуға болады», - деді ол.
-->