Жаңадан әзірленген әліппе Ахмет Байтұрсынұлының ұстанымдарына негізделді – Адамова
Ол сөзін жалғай отырып, әліппені оқытуға қанша уақыт жұмсалатынын түсіндіріп өтті. «Әліппе оқулығы 96-98 сағат көлемінде бірінші жартыжылдықта оқытылатын болады. Яғни әліппеге дейінгі кезеңге екі апта уақыт бөлінеді. Одан кейін әліппе жалғастырылады. Жаңадан әзірленіп жатқан әліппе оқу бағдарламасын А.Байтұрсынұлының ұстанымдарына, педагогикалық принциптеріне негізделді. Ол кісінің методикасында болғандай әліппеге дейінгі кезеңде балаларды суретпен жаттықтыру әдісі қолданылады. Бұл қазір сюжеттік суреттер арқылы екі апта кезеңге бөлінген. Ары қарай әріп үйрену жалғасады», - дейді Манара Адамова.
--> «Жаңартылған білім мазмұны 2016 жылы енгізілгеннен бері 1-сыныптан сауат ашу оқулығы пайдаланып келді. Бірақ жұртшылық тарапынан Әліппе кітабын іздегендер болды. Сауат ашу мен әліппенің айырмашылығы – әліппе мен ана тілі қосылып, сауат ашу кітабына кіріктірілген болатын. Енді қазіргі оқу бағдарламасына әзірленіп шығарылатын әліппе оқулығы бөлек болады. 2021-2022 оқу жылынан бастап екі оқулықпен 1-сыныптың оқушылары оқитын болады», - дейді орталық директоры.Ол сөзін жалғай отырып, әліппені оқытуға қанша уақыт жұмсалатынын түсіндіріп өтті. «Әліппе оқулығы 96-98 сағат көлемінде бірінші жартыжылдықта оқытылатын болады. Яғни әліппеге дейінгі кезеңге екі апта уақыт бөлінеді. Одан кейін әліппе жалғастырылады. Жаңадан әзірленіп жатқан әліппе оқу бағдарламасын А.Байтұрсынұлының ұстанымдарына, педагогикалық принциптеріне негізделді. Ол кісінің методикасында болғандай әліппеге дейінгі кезеңде балаларды суретпен жаттықтыру әдісі қолданылады. Бұл қазір сюжеттік суреттер арқылы екі апта кезеңге бөлінген. Ары қарай әріп үйрену жалғасады», - дейді Манара Адамова.