Әліппе оқу бағдарламасын жасау жұмысы аяқталып, бекітілді – вице-министр
«Бүгінде әліппе оқу бағдарламасын жасау жұмысы аяқталып, бекітілді. Әліппе бағдарламасын жасаудың маңыздылығына тоқталғым келеді. Біріншіден, оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттағанда танысатыны әріптер, дыбыстар, оның жүйелілігі. Осы орайда әліппені қайтарудың маңызы зор екенін айтқым келеді. Өйткені әліппе оқушының жас ерекшелігі мен физиологиялық ерекшелігіне сай болуы керек. Бүгінде оқушылар мектепке алты жастан қабылданады. Бұл тұрғыда жұмыс тобы үлкен жұмыс жүргізді. Айта кетерлігі, әліппенің ғылымилығы басты назарға алынды. Ең бастысы, әліппе арқылы әріптер мен дыбыстардан сөз құрау, олардың дыбысталуы жүйелі әрі әдістемесі дұрыс болуы керек. Сондықтан осы жұмыс тобына тілдік бағыттағы ғалымдар, әдеби оқыту жөніндегі ғылыми мамандар енгізілген болатын. Осы ретте әліппенің ғылымилығына басты негіз берілді. Сонымен қатар жұмыс тобының қатарына мектептердегі бастауыш сыныптарда сабақ беретін практик мұғалімдер де кірісіп, жобаға практикалық жағынан да ерекше мән беріліп отыр», - деді ол.
-->