Елорда жаңалықтары

Мектеп кітапханаларының қорында 200 млн аса көркем әдебиет бар 

«Мектеп кітапханаларының қорында 200 млн аса әдебиет бар. Оның ішінде 38 млн көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар тізімі. Бұл басылымдардың жалпы сапасына мән беретін болсақ, 80-90 жылдарда шыққан әдебиеттер бар және олардың өзі белгілі деңгейде жарамсыз екені анықталып отыр. Соған байланысты шұғыл түрде мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру мәселесі бірінші кезекте қолға алынып отыр», - деді ғылыми-практикалық орталығының директоры.

Бұл мәселені іске асыру үшін 5 жылдай уақыт керек. 5 жылдың ішінде бүкіл мектептің кітапханаларын әдебиеттермен қамтамасыз ету көзделген. «Көркем әдебиттер тізімінде 4 бағытта жобалау белгіленді. Оның ішінде бірінші кезекте отандық классиктердің ең үздік әдебиеттерінің кіруі, екіншіден, қазақ тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиеттерінің тізімі, сонымен қатар заманауи жазушылар мен ақындардың үздік шығармаларының тізімі енуі көзделген. Сонымен қатар анықтамалық кітаптар мен ғылыми танымдық әдебиттер тізімі және оқу-әдістемелік құралдардың тізімі қарастырылып отыр. Әдебиттер тізімін бекіту мәселесі 5 түрлі саралаудан өтеді. Ең соңғы тізімді бекіту үдерісіне арнайы жасақталған комиссиялар арқылы іске асатын болады. Комиссия мүшелері 5 мыңға жуық көркем әдебиттер тізімін қалыптастыратын болады», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Алтын Салық

--> «Мектеп кітапханаларының қорында 200 млн аса әдебиет бар. Оның ішінде 38 млн көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар тізімі. Бұл басылымдардың жалпы сапасына мән беретін болсақ, 80-90 жылдарда шыққан әдебиеттер бар және олардың өзі белгілі деңгейде жарамсыз екені анықталып отыр. Соған байланысты шұғыл түрде мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру мәселесі бірінші кезекте қолға алынып отыр», - деді ғылыми-практикалық орталығының директоры.