Елорда жаңалықтары

«Атамекен» тексерушілер келгенде кәсіпкерлерді заңсыз әрекеттен қорғау жолын ұсынды

«Кәсіпкерлер көп қиыншылық көреді. Заңгері секілді қарамағында қажет мамандары жоқ. Тексерушілер келгенде сасып қалып жатады. Соның салдарынан парақорлық жағдайлар туындайды. Соны ескере отырып, осыдан екі жыл бұрын пилотты түрде жедел көмек құрғанбыз. Сол жобаның арқасында қажет мәліметтерді жинап, оны сараптап цифрлық экожүйеміздің ішіне кәсіпкерлер қалай жұмыс істейтінін қарап шықтық», - дейді ол.

Сөзін жалғай отырып, алдағы уақытта мобильді топтар болмауы мүмкін екенін мәлім етті. «Себебі біз Үкіметпен келісімге келдік. Бұл келісім бойынша құқық қорғау органдары атсалысады. Яғни барлық базалар бір-бірімен интеграцияланып, байланыста болады. Сондықтан әр кәсіпкер өз телефоны арқылы болған жағдайды суретке түсіріп, келген тексерушіні немесе оның дұрыс емес толтырған қағазын толтырып, экожүйеге жіберсе, міндетті түрде жылдам арада шешім қабылданып отырады. Сол арада Прокуратура қосылады немесе біздің call-орталықтың заңгерлері араласады. Осы экожүйе арқылы кәсіпкерге дереу көмек көрсетіледі», - деп басқарма төрағасы ойын қорытындылады.

--> «Кәсіпкерлер көп қиыншылық көреді. Заңгері секілді қарамағында қажет мамандары жоқ. Тексерушілер келгенде сасып қалып жатады. Соның салдарынан парақорлық жағдайлар туындайды. Соны ескере отырып, осыдан екі жыл бұрын пилотты түрде жедел көмек құрғанбыз. Сол жобаның арқасында қажет мәліметтерді жинап, оны сараптап цифрлық экожүйеміздің ішіне кәсіпкерлер қалай жұмыс істейтінін қарап шықтық», - дейді ол.