Елорда жаңалықтары

Елордада 5 жылда 50 мектеп салынады – Алтай Көлгінов

Кешенді жоспар аясында елордада 5 жыл ішінде 60 мың орындық 50 мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Қазір қалада Омаров көшесі мен Е312, Ұлы дала даңғылының қиылысында мектеп салынып жатыр. Бүгін қала әкім Алтай Көлгінов білім ошағының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Халық санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың жүктемесі артып отыр. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бұл дегеніміз 20 мың орындық 12 мектеп (2021 жылға 40 мың оқушы орнына дайындаламыз). Оқу орындарын бірінші кезекте қажеттілік туындап отырған жерлерде салынады. Бұл үш ауысымды және шамадан тыс жүктемесі бар бірқатар мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқу орындарының құрылысына жеке инвесторларды тартамыз. Инвестициялық кеңесте 24 білім беру нысанын салу қолдау тапты, оның алтауында құрылыс жұмыстары басталды. «Бүгін таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар мектептердің (Омаров көшесі мен Е312, Ұлы дала даңғылының қиылысы) құрылыс барысымен таныстым. Инвесторларға жағдай жасаймыз. Олар үшін бұл тек әлеуметтік жауапкершілік қана емес, сонымен қатар нарықта жұмыс істеу мүмкіндігі. Қосымша жұмыс орындары пайда болады», деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов. Кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 60 мың орындық 50 мемлекеттік мектеп (оның 10-ы қазіргі мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Екі ауысымда бұл 120 мыңға жуық оқу орнын құруға мүмкіндік береді. Құрылыс салушылар "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын ұстанып, дамытуы қажет. Құрылыс барысында санитарлық нормаларды сақтау маңызды әрі аумағын абаттандыру жұмыстарын уақтылы жүргізу қажет.

-->