Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
Отырыста Бағдарламаны 2020 жылы іске асыру нәтижелері және алдағы жұмыстың жаңа басым бағыттары қарастырылды. Кеңес барысында атқарылған жұмыс жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова баяндады. «Үш жыл ішінде Бағдарламаның институционалдық құрылымы толық қалыптасты. Бүгінде барлық аймақтарда өңірлік жобалық кеңселері жұмыс істейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бүгінге дейін елімізде ауқымды да қарқынды жұмыстар атқарылды. Мысалы, бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға арналған «Ұлттық тәрбие», жастардың ғылыми жетістіктері туралы «Ақылды ұрпақ», еңбек адамы болуға шақырған «Профориентация», кітап оқитын жастардың санын арттыру, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған жобалар бар. Енді кез келген тілдің ертеңі – баланың тілінде екендігін алға тартып, теледидар мен кітап беттеріндегі бала контентін қалыптастыру керек деген ұсыныс бар. Нақты айтсақ – «Nickelodeon», Disney, TiJi телеарналарының мультипликациялық фильмдерін қазақ тіліне аудару бойынша жоба дайындалып, Үкімет қарауына ұсынылды. Әрине, Бағдарламаны насихаттауда ірі медиа-жобалардың орны бөлек. Осы орайда, отандық телеарналардан жыл басынан бері 29 деректі фильм, 122 арнайы бағдарлама, 142 танымдық роликтер топтамасы көрсетілді. Жалпы, әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, «Рухани жаңғыру» туралы осы күні халықтың 80,7% хабардар болса, 32,6% азаматтарымыз бағдарлама жұмысымен тікелей қамтылған. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Бағдарламаның 6 бағыты бойынша 13 жоба бекітіліп, олардың аясында 10 мыңнан астам іс-шара өтті. Әрине, қоғамдық сананы жаңғырту бір күндік іс-шара емес. Бұл көпжылдық жүйелі жұмыстар кешенін қажет етеді. Сондықтан оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен институттар бірдей деңгейде қатысуы қажет деп санаймыз», - деді Аида Балаева. Мәжіліс барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды. Айта кету керек, әлемдік пандемия мен экономикалық дағдарыс көптеген шаралар мен жобалардың жүзеге асуына кесірін тигізіп, кедергі болды. Басым көпшілігін кейінге шегеруге тура келді. Кейбір шаралардың концепциясы қайта қарастырылды. Дегенмен, Бағдарламаның «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бағыттары бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінде 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 187 жоба жүзеге асырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың 3 жылында 12 мың меценат тартылды. Демеушілік қаражатқа 4 763 нысан салынып, қайта жаңартылды. Сонымен қатар, Бағдарлама аясында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 228 нысан салынды. Атап айтсақ, 2 мектеп, 2 балабақша, 19 мәдениет орталығы, 36 спорт алаңы, 31 балалар алаңы және тағы басқа кешендер бар. Бұдан бөлек, 129 нысан қайта жаңартылды (28 мектеп, 5 балабақша, 13 мәдениет нысаны, 14 спорт алаңы, 68 үй, аз қамтылған отбасыларға арналған пәтер, 1 медициналық мекеме, 5 балалар алаңы және т. б.). 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1 қыркүйегіне дейін 1691 жұмыс орны құрылды. Осы орайда Комиссия отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев рухани жаңғырудың ұлттық жаңғыруға ұласуы үшін бар күш жігерді салу қажеттігін айтты. «Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп атап өтсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда халыққа арнаған Жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруы тиіс» екенін айрықша айтты. Яғни, ұлттық сананы жаңғыртудағы осы саяси сабақтастықты негізге ала отырып, біз рухани жаңғырудың ұлттық жаңғыруға ұласуына барынша күш-жігерімізді салып, ұлтымызды жаңа сапалық деңгейге көтеруге қызмет етуіміз керек», - деді Қырымбек Көшербаев. Осыған орай, Комиссия отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі тереңдетіп, Ұлттық жаңғыру кезеңіне өткізудің арнайы «Жол картасын» жасау қажет деген шешім қабылданды. Бұл құжат аса маңызды ұлттық жоба ретінде жүргізіледі. Ұлттық жаңғыру жобасының ең басты мәні – Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл – ұлттық жаңғырудың стратегиялық мақсаты ретінде қала бермек. Жол картасында Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, Білім және ғылымды дамыту, Жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, Еңбек адамын қалыптастыру, Ауылды түлету сияқты тағы басқа кешенді іс-шаралар қамтылады. Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылай келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
-->Отырыста Бағдарламаны 2020 жылы іске асыру нәтижелері және алдағы жұмыстың жаңа басым бағыттары қарастырылды. Кеңес барысында атқарылған жұмыс жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова баяндады. «Үш жыл ішінде Бағдарламаның институционалдық құрылымы толық қалыптасты. Бүгінде барлық аймақтарда өңірлік жобалық кеңселері жұмыс істейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бүгінге дейін елімізде ауқымды да қарқынды жұмыстар атқарылды. Мысалы, бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға арналған «Ұлттық тәрбие», жастардың ғылыми жетістіктері туралы «Ақылды ұрпақ», еңбек адамы болуға шақырған «Профориентация», кітап оқитын жастардың санын арттыру, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған жобалар бар. Енді кез келген тілдің ертеңі – баланың тілінде екендігін алға тартып, теледидар мен кітап беттеріндегі бала контентін қалыптастыру керек деген ұсыныс бар. Нақты айтсақ – «Nickelodeon», Disney, TiJi телеарналарының мультипликациялық фильмдерін қазақ тіліне аудару бойынша жоба дайындалып, Үкімет қарауына ұсынылды. Әрине, Бағдарламаны насихаттауда ірі медиа-жобалардың орны бөлек. Осы орайда, отандық телеарналардан жыл басынан бері 29 деректі фильм, 122 арнайы бағдарлама, 142 танымдық роликтер топтамасы көрсетілді. Жалпы, әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, «Рухани жаңғыру» туралы осы күні халықтың 80,7% хабардар болса, 32,6% азаматтарымыз бағдарлама жұмысымен тікелей қамтылған. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Бағдарламаның 6 бағыты бойынша 13 жоба бекітіліп, олардың аясында 10 мыңнан астам іс-шара өтті. Әрине, қоғамдық сананы жаңғырту бір күндік іс-шара емес. Бұл көпжылдық жүйелі жұмыстар кешенін қажет етеді. Сондықтан оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен институттар бірдей деңгейде қатысуы қажет деп санаймыз», - деді Аида Балаева. Мәжіліс барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды. Айта кету керек, әлемдік пандемия мен экономикалық дағдарыс көптеген шаралар мен жобалардың жүзеге асуына кесірін тигізіп, кедергі болды. Басым көпшілігін кейінге шегеруге тура келді. Кейбір шаралардың концепциясы қайта қарастырылды. Дегенмен, Бағдарламаның «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бағыттары бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінде 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 187 жоба жүзеге асырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың 3 жылында 12 мың меценат тартылды. Демеушілік қаражатқа 4 763 нысан салынып, қайта жаңартылды. Сонымен қатар, Бағдарлама аясында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 228 нысан салынды. Атап айтсақ, 2 мектеп, 2 балабақша, 19 мәдениет орталығы, 36 спорт алаңы, 31 балалар алаңы және тағы басқа кешендер бар. Бұдан бөлек, 129 нысан қайта жаңартылды (28 мектеп, 5 балабақша, 13 мәдениет нысаны, 14 спорт алаңы, 68 үй, аз қамтылған отбасыларға арналған пәтер, 1 медициналық мекеме, 5 балалар алаңы және т. б.). 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1 қыркүйегіне дейін 1691 жұмыс орны құрылды. Осы орайда Комиссия отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев рухани жаңғырудың ұлттық жаңғыруға ұласуы үшін бар күш жігерді салу қажеттігін айтты. «Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп атап өтсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда халыққа арнаған Жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруы тиіс» екенін айрықша айтты. Яғни, ұлттық сананы жаңғыртудағы осы саяси сабақтастықты негізге ала отырып, біз рухани жаңғырудың ұлттық жаңғыруға ұласуына барынша күш-жігерімізді салып, ұлтымызды жаңа сапалық деңгейге көтеруге қызмет етуіміз керек», - деді Қырымбек Көшербаев. Осыған орай, Комиссия отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі тереңдетіп, Ұлттық жаңғыру кезеңіне өткізудің арнайы «Жол картасын» жасау қажет деген шешім қабылданды. Бұл құжат аса маңызды ұлттық жоба ретінде жүргізіледі. Ұлттық жаңғыру жобасының ең басты мәні – Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл – ұлттық жаңғырудың стратегиялық мақсаты ретінде қала бермек. Жол картасында Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, Білім және ғылымды дамыту, Жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, Еңбек адамын қалыптастыру, Ауылды түлету сияқты тағы басқа кешенді іс-шаралар қамтылады. Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылай келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.