Елорда жаңалықтары

Елордада Хәкім Абайға арналған мурал салынды

[caption id="attachment_19210" align="alignnone" width="800"] фото: Акмарал Олжабаева/Facebook[/caption] Елордада Хәкім Абайға арналған мурал салынды, деп хабарлайды Елорда Инфо Байқоңыр ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. Ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Байқоңыр» ауданы әкімдігі аппаратының қолдауымен Абай даңғылының бойында Хәкім Абайға арналған мурал салынды. "Ақынның алып бейнесі ғимаратқа көрік беріп қана қоймай, көрген адамның көңіліне ерекше мақтаныш сезім ұялатады. Бұл жұмысты жасауға суретшілерге бір апта уақыт кетті. Ұлы ғұламаның алып бейнесі алыстан көз тартады", делінген хабарламада.

-->