Елорда жаңалықтары

Жиындарға қатысатын әскерилерге төлемнің қашан берілетіні белгілі болды

ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев арнайы жиындарға қатысатын әскери міндеттілерге төлемді кім және қашан беретінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жиындарға шақырылған әскери қызметшілерге төлемді жергілікті атқарушы органдар келесі айдың бірінші онкүндігіне дейін кешіктірмей төлейді. Ал ол күн демалысқа немесе мейрамға түсіп жатса, алдын ала төленеді», - деді Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->