«Astana» ӘКК» Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған суреттер көрмесін ұйымдастырды
«Astana» ӘКК» АҚ Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойына орай «Абай шығармашылығы балалар көзімен» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл шараны өткізудің негізгі мақсаты – патриоттық сезімді қалыптастыру және Абай шығармашылығына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Суреттер компания қызметкерлерінің балаларынан үш жас категориясы бойынша қабылданды: «Балдырған» 3-5 жас, «Жас өркен» 6-10 жас, «Жас самұрық» 11-15 жас. Барлық қатысушылар белсенділік танытқандары үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. «Astana» ӘКК» АҚ фойесінде импровизацияланған суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
-->«Astana» ӘКК» АҚ Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойына орай «Абай шығармашылығы балалар көзімен» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл шараны өткізудің негізгі мақсаты – патриоттық сезімді қалыптастыру және Абай шығармашылығына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Суреттер компания қызметкерлерінің балаларынан үш жас категориясы бойынша қабылданды: «Балдырған» 3-5 жас, «Жас өркен» 6-10 жас, «Жас самұрық» 11-15 жас. Барлық қатысушылар белсенділік танытқандары үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. «Astana» ӘКК» АҚ фойесінде импровизацияланған суреттер көрмесі ұйымдастырылды.