Елорда жаңалықтары

Бүгін елордадағы стационарлар шетелден ұшып келген жолаушыларды қабылдамады – Байғабылов

«Кешеден бері шетелдерден келген отандастарымыздың 96 пайызының КВИ-ге ПТР тест тапсырғаны туралы анықтамасы болса, қалған 4 пайызының анықтамасы болмады. Астанаға келген 138 адам ПТР тесттің теріс нәтижесімен анықтама әкелгендіктен, бүгін елордадағы стационарлар ешкімді қабылдаған жоқ. Қалған ПТР тест анықтамасы жоқ 42 жолаушы Алматы қаласындағы стационарға екі күнге оқшауланды», – деді ол.

Оның айтуынша, анықтамасыз келген шетелдік азаматтар сол елге қайта қайтарылатын болады. Ал оларды ПТР анықтамасыз жол жүруге рұқсат берген авиакомпанияларға әкімшілік шара қолданылады. Естеріңізге салсақ, шетелден ұшып келетін жолаушыларға Қазақстанға келмес бұрын ПТР тест тапсыруы міндеттелген болатын.

--> «Кешеден бері шетелдерден келген отандастарымыздың 96 пайызының КВИ-ге ПТР тест тапсырғаны туралы анықтамасы болса, қалған 4 пайызының анықтамасы болмады. Астанаға келген 138 адам ПТР тесттің теріс нәтижесімен анықтама әкелгендіктен, бүгін елордадағы стационарлар ешкімді қабылдаған жоқ. Қалған ПТР тест анықтамасы жоқ 42 жолаушы Алматы қаласындағы стационарға екі күнге оқшауланды», – деді ол.