Шетелдік ЖОО студенттері медициналық қызметтерді тегін ала алады
Бұл студенттер де қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері сияқты МӘМС шеңберінде медициналық көмекті тегін алатын болады. Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін "электрондық үкімет" порталында тіркеуден өтулері қажет. Нәтижесінде олар МӘМС шеңберінде жеңілдіктер санатына енгізіледі. «Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бірден әрекет жасап, олардың "электрондық үкімет" порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. 10 күннің ішінде "Шетелде оқитын студенттерді тіркеу" қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады», – деп жазды Білім және ғылым вице-министрі Р.Биғари Facebook-тегі парақшасында.
-->Бұл студенттер де қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері сияқты МӘМС шеңберінде медициналық көмекті тегін алатын болады. Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін "электрондық үкімет" порталында тіркеуден өтулері қажет. Нәтижесінде олар МӘМС шеңберінде жеңілдіктер санатына енгізіледі. «Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бірден әрекет жасап, олардың "электрондық үкімет" порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. 10 күннің ішінде "Шетелде оқитын студенттерді тіркеу" қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады», – деп жазды Білім және ғылым вице-министрі Р.Биғари Facebook-тегі парақшасында.