Байқоңыр ауданында «Ең үздік аула» онлайн байқауы басталды
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданында «Ең үздік аула» онлайн байқауы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қала күні қарсаңында аудандағы аулалардың, тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын жақсарту мен тұрғындарды, ПИК, ЖШС, ЖК өкілдерін, ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізудегі белсенділіктерін арттыру мақсатында «Үздік аула» байқауы жарияланды. Байқау шарттары: Байқауға «Байқоңыр» ауданында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары ғана қатыса алады Тұрғындар өздері ауланы жақсарту, абаттандыру мақсатында жасаған жұмыстарын видоеға түсіріп, оны Facebook немесе Instagram әлеуметтік желілеріне #үздікаулаБайқоңыр хэштегімен 30 маусымға дейін жариялауы қажет, видеоматериалды жариялау барысында тұрғын үйдің мекен-жайын көрсету міндетті. Байқауға жолданған бейнематериал сапалы әрі толық болуы және видеоны салған аккаунттарыңыз ашық болуы тиіс Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:⠀ «Бірлігі жарасқан тұрғындар» бағалау критерилеріне - Аула тұрғындарының бірігіп өткізген іс-шаралары (қала күніне дейінгі, осы жылдың аралығында өткізілген шаралардың фото немесе видео материалдары қабылданады). - Ауланы абаттандыру жұмыстары барысында атсалысқан тұрғындардың жалпы саны да ескерілетін болады.⠀ ⠀«Жайлы аула» бағалау критерилеріне - Тұрғын үй мен аула аймағында жүргізілген абаттандыру жұмыстары (аула қоршаулары мен фасадтарарын сырлау, подъезді жөндеу мен безендіру және т.б. атқарылған жұмыстар. «Гүлденген аула» бағалау критерилеріне - Көгалдандыру жұмыстары (ауланы көріктендіру әрі таза ұстау, ауладағы өсімдіктерді күтіп-баптау, тұрғындардың өз қоларымен гүлзарды үйлесімді дизайнынмен әсемдеу және т.б. жұмыстар). Әр критерий бойынша максималды балл саны – 10. Сондай-ақ, аула мен тұрғын үйді абаттандыру жұмыстары барысында ерекше жұмыстарға 5 бал қосымша қойылатын болады. Жеңімпаздарды арнайы жасақталған қазылар алқасы бағалайды. Бейнематериалдар 30-шы маусымға дейін жариялануы керек, нәтижиесі 6 шілде күні жарияланады және жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданында «Ең үздік аула» онлайн байқауы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қала күні қарсаңында аудандағы аулалардың, тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын жақсарту мен тұрғындарды, ПИК, ЖШС, ЖК өкілдерін, ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізудегі белсенділіктерін арттыру мақсатында «Үздік аула» байқауы жарияланды. Байқау шарттары: Байқауға «Байқоңыр» ауданында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары ғана қатыса алады Тұрғындар өздері ауланы жақсарту, абаттандыру мақсатында жасаған жұмыстарын видоеға түсіріп, оны Facebook немесе Instagram әлеуметтік желілеріне #үздікаулаБайқоңыр хэштегімен 30 маусымға дейін жариялауы қажет, видеоматериалды жариялау барысында тұрғын үйдің мекен-жайын көрсету міндетті. Байқауға жолданған бейнематериал сапалы әрі толық болуы және видеоны салған аккаунттарыңыз ашық болуы тиіс Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:⠀ «Бірлігі жарасқан тұрғындар» бағалау критерилеріне - Аула тұрғындарының бірігіп өткізген іс-шаралары (қала күніне дейінгі, осы жылдың аралығында өткізілген шаралардың фото немесе видео материалдары қабылданады). - Ауланы абаттандыру жұмыстары барысында атсалысқан тұрғындардың жалпы саны да ескерілетін болады.⠀ ⠀«Жайлы аула» бағалау критерилеріне - Тұрғын үй мен аула аймағында жүргізілген абаттандыру жұмыстары (аула қоршаулары мен фасадтарарын сырлау, подъезді жөндеу мен безендіру және т.б. атқарылған жұмыстар. «Гүлденген аула» бағалау критерилеріне - Көгалдандыру жұмыстары (ауланы көріктендіру әрі таза ұстау, ауладағы өсімдіктерді күтіп-баптау, тұрғындардың өз қоларымен гүлзарды үйлесімді дизайнынмен әсемдеу және т.б. жұмыстар). Әр критерий бойынша максималды балл саны – 10. Сондай-ақ, аула мен тұрғын үйді абаттандыру жұмыстары барысында ерекше жұмыстарға 5 бал қосымша қойылатын болады. Жеңімпаздарды арнайы жасақталған қазылар алқасы бағалайды. Бейнематериалдар 30-шы маусымға дейін жариялануы керек, нәтижиесі 6 шілде күні жарияланады және жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.