А.Байтұрсынов көшесі 20 маусымға дейін жартылай жабылды
Ахмет Байтұрсынов көшесі 20 маусымға дейін жартылай жабылды. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында А.Байтұрсынов көшесінде Р.Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде», - делінген қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында. Осыған байланысты 5-20 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. «Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
-->Ахмет Байтұрсынов көшесі 20 маусымға дейін жартылай жабылды. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында А.Байтұрсынов көшесінде Р.Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде», - делінген қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында. Осыған байланысты 5-20 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. «Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.