Айбек Әрімбек: Халқымыздың басты қаруы - қажырлы қайраты, бірлігі мен ынтымағы
Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Қорқыт» этно ансамблінің домбырашысы, концертмейстері Айбек Әрімбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Тұңғыш президент өз мақаласында былай деді: біздің Ата заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, барлық өңірде бұрын болмаған жүздеген заманауи аурухана мен емхана салдық. Елордада әлемдік деңгейдегі ең озық техникалармен жарақталған аса ірі ғылыми-медициналық орталықтар ашып, оның мамандарын әлемнің ең дамыған елдерінде тәжірибеден өткіздік, «Болашақ» бағдарламасы аясында да оқыттық. Осылай алдын ала қамданудың нәтижесінде ұлт денсаулығына қатер төндірген бүгінгідей қиыншылық заманда жұқпалы дерттің дәл диагностикасын жасау, оның алдын алу, науқасты емдеу сияқты тиісті шараларды біздің дәрігерлеріміз жоғары кәсіби деңгейде атқаруда», - деді домбырашы. Музыканттың айтуынша, әлемге тарап, елімізге табан тіреген қауіпті індетті жеңу жолында талай сындарлы кезеңді еңсерген халқымыздың қажырлы қайраты, бірлігі мен ынтымағы - басты қаруы. «Біздің бойымызда сан қиындыққа мойымай өз мақсатына қол жеткізген текті бабаларымыздың қаны, қасиеті бар. Елбасы мақаласында айтылған маңызды мәселелер де ұлт ұстанымы бірлік пен сабырлық екенін аңғартады. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөздері бүгініміз, болашағымыз үшін маңызды. Ел болып тізе қосып, қауіпті індетті жеңіп шығуға ынтымақты арттыру елдігіміздің айнасына айналары хақ. Береке-бірлігіміз арта берсін, қазақ елі!», - деді Айбек Әрімбек.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Қорқыт» этно ансамблінің домбырашысы, концертмейстері Айбек Әрімбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Тұңғыш президент өз мақаласында былай деді: біздің Ата заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, барлық өңірде бұрын болмаған жүздеген заманауи аурухана мен емхана салдық. Елордада әлемдік деңгейдегі ең озық техникалармен жарақталған аса ірі ғылыми-медициналық орталықтар ашып, оның мамандарын әлемнің ең дамыған елдерінде тәжірибеден өткіздік, «Болашақ» бағдарламасы аясында да оқыттық. Осылай алдын ала қамданудың нәтижесінде ұлт денсаулығына қатер төндірген бүгінгідей қиыншылық заманда жұқпалы дерттің дәл диагностикасын жасау, оның алдын алу, науқасты емдеу сияқты тиісті шараларды біздің дәрігерлеріміз жоғары кәсіби деңгейде атқаруда», - деді домбырашы. Музыканттың айтуынша, әлемге тарап, елімізге табан тіреген қауіпті індетті жеңу жолында талай сындарлы кезеңді еңсерген халқымыздың қажырлы қайраты, бірлігі мен ынтымағы - басты қаруы. «Біздің бойымызда сан қиындыққа мойымай өз мақсатына қол жеткізген текті бабаларымыздың қаны, қасиеті бар. Елбасы мақаласында айтылған маңызды мәселелер де ұлт ұстанымы бірлік пен сабырлық екенін аңғартады. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөздері бүгініміз, болашағымыз үшін маңызды. Ел болып тізе қосып, қауіпті індетті жеңіп шығуға ынтымақты арттыру елдігіміздің айнасына айналары хақ. Береке-бірлігіміз арта берсін, қазақ елі!», - деді Айбек Әрімбек.