Елорда жаңалықтары

«Президенттік», «Триатлон» және Есіл өзені жағалауындағы саябақтар біріктіріледі

«Президенттік», «Триатлон» және Есіл өзені жағалауындағы саябақтарды біріктіріледі. Бұл туралы Алматы ауданының әкімі Бектенбай Есполов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Президенттік», «Триатлон» және Есіл өзені жағалауындағы саябақтарды біріктіруді бастаймыз. Бірыңғай жаяу жүргіншілер алаңын құрып, жүгіруге және велосипедке арналған арнайы жолақтар жасауды жоспарлап отырмыз. Жарықты және саябақ жиһазын қалпына келтіріп, абаттандыру элементтерін даярлаумен қатар, вело және жүгіруге арналған жолақтардың асфальт төсемінің негізін дайындау үстіндеміз. Сіздерге саябақтың жаңа көркі ұнайды деген сенімдемін», - деп жазды Б.Есполов.

-->