Елорда жаңалықтары

Елордадағы қоғамдық орындарда бетперделерді тегін таратты

Күн сайын тәртіп сақшылары мен еріктілер адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, саябақтарда жаяу патрульдік тексеріске шығады. Олар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормаларды сақтау қажеттігі туралы қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері мен еріктілер санитарлық нормалар толық сақталмайынша елордадағы карантин режимі аяқталмайтыны, тіпті ұзартылуы мүмкін екенін тұрғындарға түсіндіруде. Сонымен қатар, олар тегін бетперделер да таратты. Санитарлық талаптар мен гигиена ережелерін сақтау – вируспен күресудің ең тиімді тәсілі. Елордалықтардың күнделікті өмір салтына оралуы тікелей өздеріне байланысты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары санитарлық нормаларды толықтай сақтауға шақырады. Атап айтқанда, бетперде тағып, 2 метр арақашықтық сақтау, қолды антисептикпен жуу өте маңызды. Сондай-ақ үйді желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазалау да қажет.

-->