Назарбаев Университетінің ғалымдары сүйек тінінің регенерациясы бойынша жаңа әдісті ойлап тапты
Сүйек тінінің регенерациясын зерттей отырып, Назарбаев Университетінің ғалымдары остеопороз кезінде сүйек тінінің тығыздығының төмендеуіне себеп болатын екі факторды анықтады. Бірінші фактор – минералды компоненттерді ерітіп, сүйек тініндегі коллагенді бұзатын жасушалардың – остеокласттар белсенділігінің артуы. Екінші фактор – сүйек тінін құрайтын және қалпына келтіретін жас жасушалардың – остеобласттардың санын азайту. Зерттеушілер өз жұмысында ересек адамның сүйек кемігі мен май тінінен ажыратуға болатын мезенхималық бағаналы жасушаларды (МСК) қолданды. МСК, өз кезегінде, сүйек пен шеміршек тіндерінің жасушаларына бөліну қабілетіне ие болады.
-->Сүйек тінінің регенерациясын зерттей отырып, Назарбаев Университетінің ғалымдары остеопороз кезінде сүйек тінінің тығыздығының төмендеуіне себеп болатын екі факторды анықтады. Бірінші фактор – минералды компоненттерді ерітіп, сүйек тініндегі коллагенді бұзатын жасушалардың – остеокласттар белсенділігінің артуы. Екінші фактор – сүйек тінін құрайтын және қалпына келтіретін жас жасушалардың – остеобласттардың санын азайту. Зерттеушілер өз жұмысында ересек адамның сүйек кемігі мен май тінінен ажыратуға болатын мезенхималық бағаналы жасушаларды (МСК) қолданды. МСК, өз кезегінде, сүйек пен шеміршек тіндерінің жасушаларына бөліну қабілетіне ие болады.