Елорда жаңалықтары

Елбасы мақаласы ата-бабамыздың ұстаған жолын көрсетті – Жақияқажы Исмаилов

«Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жақияқажы Исмаилов ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласына өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласы әрбір қазақстандықтың көңілінен шығып, жүрегіне қонады. Себебі бұл мақала осындай қиын уақытта да Елбасы халқының басында тұрып, бірге екендігін көрсетеді. Бүгінде бүкіл әлем халқына коронавирус қауіпті үрей туыдырып, дерттің өзінен гөрі күннен-күнге өршелене түскен дақпырты мен дабылы дүниежүзін дүрліктіруде. Алайда «Сақтансаң сақтайды» демекші, төрткүл әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлылық танытып, немкетті қарау өзіміз үшін емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізуі әбден мүмкін. Осы орайда Елбасымыздың Қазақ еліне үндеуі уақтылы және орынды жасалды», – деді Жақияқажы Исмаилов. Сонымен қатар ол Қазақстандағы діни және ұлтаралық келісімнің орнағанын сөз етті. «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет қана емес, сонымен бірге түрлі дін өкілдері өзара  түсіністікте өмір сүріп жатқан іргелі ел. Сондықтан біздің елімізде діни татулықты сақтау, дінаралық келісімді нығайту – үнемі Елбасымыздың басты назарында. Қазақстан оның ішінде қазақ халқы әлемге өзін бейбітсүйгіш, халықтар достастығын дәріптейтін ел ретінде танытты. Елбасымыздың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында ғасырлар бойы келіп жатқан ата-бабамыздың ұстаған жолын көрсетіп, осы қиындықтан да бірліктің арқасында шығатынымызды айқындап отыр. Елбасымыз айтқандай, жақсы салт-дәстүр ешқашан жойылмайды. Қандай да бір жағдайда барлық халық, бауырларымыз өздері өмір сүріп жатқан елдің заңдары мен талаптарын құрметтеуге тиіс. Мемлекет тарапынан қабылданған заң бәрімізге бірдей. Мен имам ретінде барша мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге және Елбасмыздың үндеуін қолдауға шақырамын. Елбасымыз айтқандай, ешбір адам қараусыз қалмайды. Әрбір адамға қолдан келгенше жәрдемін көрсетіп, ақыл-кеңесін беріп, сабырлыққа шақырып, демеу жасау – біздің Құдай алдындағы һәм мемлекет алдындағы парызымыз. Қазақстанымыз гүлденіп көркейе берсін, әлемдегі дамыған елдердің алдыңғы шебінде жүрсін деген тілек-дұғамызды қайталап отырайық. Алла халқымыздың тілегін қабыл еткей! Әмин!», – деді «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы.

-->