Елорда жаңалықтары

Жыл басынан бері «Open space» форматында 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғындарға «Open space» форматында қызмет көрсетуді соңғы бірнеше жылдан бері жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ағымдағы жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 12 мыңға жуығы, яғни 42% тек электрондық үкімет порталы мен ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылған. Электронды форматта көрсетілетін қызмет санын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайыздан асқан. Бұл көрсеткіштің жоғарылауына ақысыз курстар арқылы халықтың цифрлық сауаттылығының артуы ықпал етті. "Төтенше жағдай кезеңінде бұл қызмет электронды үкімет порталындағы «электрондық өтініштер сервисі» арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға қызмет алушылардың өтініштерін беру құралы оң резонанс туғызды. Осы кезеңде 5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтің көрінетін артықшылықтарын ескере отырып, сонымен қатар «Цифрлық мемлекетке көшу» бағыты аясында елорда тұрғындарының ыңғайлылығы үшін Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, Жұмыспен қамту орталығы және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына онлайн режимінде кезекке тапсырыс беру функциясы Smart Astana мобильді қолданбасында пайдалануға еңгізілді. Онда әр елорда тұрғыны үйден шықпай-ақ қызмет алу күнін өзіне ыңғайлы уақытта тапсырыс беріп, кезек күтпестен, кептеліссіз мемлекеттік қызметті жедел және жылдам алуына жағдай жасалды", – делінген хабарламада. Азаматтарға мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін онлайн режимінде ұсыну мүмкіндігі беріледі. Тек жеке кабинетке тіркелу қажет. Басқарма ресми сайтының парақшаларында қызмет алушыларға қажетті мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін толық, қол жетімді инфографика, бейнероликтер, жарияланымдар және мақалалар түріндегі қызметтерді алу туралы түсініктемелер беріледі. "Сондай-ақ біз әлеуметтік қорғау саласындағы барлық мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп жетілдіреміз, жаңартамыз, оларды ыңғайлы етіп жасаймыз. Қағаз құжаттарын жинап, кезек күтпей-ақ, оларды әрі қарай автоматтандыруы бойынша жұмыс жасаймыз. Бүгінгі таңда 18 мемлекеттік қызметтің 6-ы автоматтандырылған. Таяу уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстері мен мерзімдерін барынша оңтайландыру мүмкіндігі зерттелуде", – деп хабарлады басқарма мамандары.

-->