COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған 180 дәрігерге 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленді – министр
«Қазір қайтыс болғандар жөнінде 180 өтініш қаралды. Науқастарды COVID-19 инфекциясынан емдеу кезінде, яғни кәсіби міндетін атқару барысында қайтыс болған 180 дәрігердің отбасыларына 10 млн теңге көлемінде әлеуметтік өтемақы тағайындалды. Осылайша Президенттің түбегейлі тексеріс жүргізбей-ақ өтемақы төлеу тапсырмасы уақытылы орындалды», - дейді министр.
Ведомство басшысы сөзін жалғай отырып, инфекция жұқтырып алған дәрігерлерге төленіп жатқан өтемақы жайлы қозғап өтті. «Бүгінге дейін COVID-19 инфекциясын жұқтырған 6 340 дәрігерге тиісті өтемақы төленді», - дейді Алексей Цой.
--> «Қазір қайтыс болғандар жөнінде 180 өтініш қаралды. Науқастарды COVID-19 инфекциясынан емдеу кезінде, яғни кәсіби міндетін атқару барысында қайтыс болған 180 дәрігердің отбасыларына 10 млн теңге көлемінде әлеуметтік өтемақы тағайындалды. Осылайша Президенттің түбегейлі тексеріс жүргізбей-ақ өтемақы төлеу тапсырмасы уақытылы орындалды», - дейді министр.Ведомство басшысы сөзін жалғай отырып, инфекция жұқтырып алған дәрігерлерге төленіп жатқан өтемақы жайлы қозғап өтті. «Бүгінге дейін COVID-19 инфекциясын жұқтырған 6 340 дәрігерге тиісті өтемақы төленді», - дейді Алексей Цой.