Елордада "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтанда 2004 жылдан бері салынып жатқан "Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінде сүру жұмыстарымен қатар құрылыс жұмыстары да басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Көппәтерлі тұрғын үй кешені 6 блоктан тұрады. Үйді техникалық тексеру ғимараттың апатты екенін көрсетті. Үйдің құрылысы аяқталған жағдайдың өзінде ұй құлап қалатын еді.
⠀
"Бұл проблемалы нысандардың бірі. 2005 жылдан бастап пәтерлерді сату басталды,сол уақыттан бастап үйлер тұр. Қазір үйді сүріп бастадық. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары да басталды. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Осы үйден басқа Қазақстанда 2005 жылдан бері тұрған бірде - бір құрылыс жоқ", - деді "NAK Development" ЖШС директоры Серік Қасенбеков.
⠀
Үлескерлердің саны 500-ден астам адам. Үй "Елорда құрылыс компаниясының" қолдауымен "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынады.
⠀
"15 жыл ішінде көп нәрсе болды. Кейбір үлескерлер қазір өкінішке орай аоамызда жоқ. Балалар өсті. Өз отбасылары бар. Қазір құрылыс жұмыстарының қайта жанданғанына қуаныштымыз. Алдағы уақытта өз пәтерлерімізге барамыз деп үміттенеміз", - деді ТК үлескері Анара Серкебаева.
⠀
Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2020 жылы 8 мың үлескері бар 20 тұрғын үй кешені пайдалануға берілетінін айтты. Өткен жылы 10 ТК пайдалануға берілді – бұл 2,5 мың үлескер.
⠀
"Ел басшылығының тапсырмасына сәйкес әр үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. "Алтын шар", "Бағыстан" сияқты құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысымен айналысатын "GLB" комбинаты осы уақытқа дейін өздеріне тиесілі жұмысты атқармаған. Комбинаттың кәсіпорын қызметкерлерінің алдында 600 млн теңгеден астам қарызы бар. Кредиторлар алдында да қарызы бар. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар мәселелер шешілді. Осы шаралардың барлығын үлескерлердің мәселелерін шешуге бағытталған", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
[caption id="attachment_17478" align="alignnone" width="960"] Фото: astana.gov.kz сайтынан[/caption]