Елорда жаңалықтары

Шерзод Пулатов: Бірлігіміз бен татулығымызды сақтай отырып, бұл қиындықты еңсеруіміз керек

Елбасының әрбір сөзінен, Үндеуінен, мақаласынан болсын елімізге деген шынайы қамқорлығы, алаңдаушылығы білінеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қалалық өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Үндеуін оқыған соң ерекше бір күйде қалдым, бізге осындай данышпан көшбасшы берген Жаратушыға алғысым шексіз. Елбасының әрбір сөзінен, Үндеуінен, мақаласынан болсын елімізге деген шынайы қамқорлығы, алаңдаушылығы білінеді. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жолғы мақаласында өмірлік маңызы бар ерекше мәселелерге тоқталып өтті», - дейді ҚХА өкілі. Ол сөз арасында Елбасының өз мақаласында ауызбіршілік тақырыбын көтеруі көпшілікке ой тастағанын айтып өтті. «Коронавирус пандемиясына байланысты өмір өз ағысын басқа арнаға бұрса, адамзат баласы өзінің құндылықтарын бұрынғыдан бетер түсініп жатыр. Ал достық, ынтымақ, ауызбіршілік жұрт арасында жиі байқалып, өмірлік басты ұстанымы ретінде қалыптасып келеді. Шүбәсіз, әлемнің небір ойшыл ғалымдары достық туралы көп айтты, дегенмен мұны Елбасының өз мақаласында қозғап өткені мені айрықша әсерде қалдырды», - дейді Шерзод Пулатов. ҚХА өкілі сөзін жалғай отырып, Елбасының өскелең ұрпаққа деген алаңдаушылығын білдіргенін жеткізді. «Елбасы өз мақаласында адамгершілік қасиеттерге тоқтала отырып, жастарға өз ақылын жеткізді. Осы арқылы өскелең ұрпаққа деген алаңдаушылығын білдіріп отыр. Жастар қазіргі заман талабына сай болуы керектігін, сондай-ақ ұлы Абай атамыздың «Кімге достығың болса, достық достық шақырады» деген дана қағидасын басшылыққа ала жүру қажеттігін ерекше атап өтті», - дейді Шерзод Пулатов. ҚХА Төрағасының орынбасары сөз соңында біз «Мәңгілік ел» ұстанымына берік болуымыз керектігін айтып өтті. «Елбасының алғыс айтуы өз халқына қаншалықты құрметпен қарайтынын байқауға болады. Ол өз мақаласында «Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі», – деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінді», деп ерекше атап өтті. Бұл айтылған пікірмен толықтай келісемін. Біз үшін ең бастысы қиындықтарды еңсеріп, бірлігіміз бен татулығымызды сақтай отырып, алдымызға қойған ұлы мақсатымыз – «Мәңгілік ел» ұстанымына ұмтылуымыз керек», - деп Шерзод Пулатов ойын аяқтады.

-->