Елорда жаңалықтары

Әл-Фараби даңғылы жартылай жабылады

Әл-Фараби даңғылы 17 маусымға дейін жартылай жабылады. Жүргізушілерге кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Жол желісін орташа жөндеу аясында әл-Фараби даңғылында Пушкин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. «Осыған байланысты 28 мамыр мен 17 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған», – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында. Осыған орай, елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.

-->