Елорда жаңалықтары

Елордада мобильді топ 17 тәртіп бұзушылықты анықтады

Жүргізілген рейд бойынша 17 тәртіп бұзушылық фактісі анықталды. Патрульдеу кезінде бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамау ережелері бірнеше компьютерлік клуб, дөңгелек жөндеу орындары, дүкен, монша және дәмханалардан тіркелді. Тәртіп бұзған кәсіпкерлік субъектілер мен ойын-сауық орындарының басшыларынан түсініктемелер алынып айыппұлдар салынды. «Байқоңыр аудандық басқармасында біз күн-түнге қарамастан тәулік бойы рейдтер жүргізіп жатырмыз. Заңды бұзушы мекемелерді 2-3 реттен жазаға тарттық. Соның нәтижесінде олардың жұмыстары тоқтатылып заң бұзушылық анықталмады. Күнделікті рейдтің арқасында бір күнде 10-нан аса құқықбұзушылықтарды анықтап, құжаттар жинап, түсініктеме алып, санитарлық-эпидемиологиялық станцияға жіберіп жатырмыз. Олар 2-3 күннің ішінде шақырып, хаттамалар толтырып, айыппұл салуда. Осындай рейдтер таңғы 4-5-ке дейін жалғасып жатыр. Нәтижесінде қазіргі таңда құқықбұзушылықтар азайды. Наурыз айында жүргізілген тексеріс барысында өте көп тәртіп бұзушылық анықталған болатын. Полиция қызметкерлері үлгере алмай жатқан жағдайлар да болды. Қазір халық түсініп  келеді», - дейді Байқоңыр ауданының Полиция басқармасының бірінші орынбасары Құрбан Таңғышбаев. Оның айтуынша, жүргізілген рейдтермен қоса, полиция қызметкерлері карантин кезінде белсенді жұмыс істеп, халықты бас дәрігердің бекіткен ережелерін сақтауға шақырып, көшелерді аралау кезінде бетпердесіз жүрген тұрғындарға бетперделер тегін таратқандарын айтты.

Алтын Салық

-->