Елорда жаңалықтары

АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы сот отырыстарының студенттер конкурсы онлайн режимінде өткізілді

Жарыс финалына қатысқан барлық студенттер АХҚО соты мен ХТО-да тағылымдаманы өту мүмкіндігіне ие болды. АХҚО соты мен ХТО ойын түріндегі сот процесі алғаш рет 2018 жылы өткізілді. 2019 жылы екінші жыл сайынғы оқу жарысы алғаш рет Қазақстанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО-2017 алаңындағы АХҚО сотының әлемдік деңгейдегі отырыстар залында өткізілді. Биыл COVID-19 пандемиясын ескере отырып, үшінші жарыс АХҚО соты мен ХТО шынайы сот тыңдалымдары үшін қолданылатын бейнетехнологияларды пайдалана отырып, онлайн режимде өткізілді. Конкурсқа алты команда, соның ішінде Қазақстан, Ресей мен Әзірбайжан командалары болды. Осы жылы жарысқа алғаш рет ТМД елдерінің командалары қосылды. Судьялар АХҚО сотының судьясы сэр Робин Джейкоб, судья сэр Стивен Ричардс пен судья сэр Джек Битсон болды. Құттықтау сөзді АХҚО сотының төрағасы Лорд Манс айтты. АХҚО соты мен ХТО ойын түріндегі студенттер процесі ағылшын тілінде өткізіледі. Заңгер-студенттер, АХҚО судьялары алдында, коммерциялық жалпы құқық бойынша дауларды зерттеп, ауызша заң дәлелдерін келтіре отырып, жарысады. Биылғы қатысушылар судьяларға шарттар туралы заң мен АХҚО бірінші инстанция сотының жалған шешімі бойынша берілген апелляция негізінде залалды өтеуге байланысты заң мәселесі бойынша ауызша дәлелдер келтірді. Барлық студенттер командасы оқу конкурсының алдын ала раундына қатысқан. Алдын ала раундтарда судьялар АХҚО соты мен ХТО тіркеушісі және Аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт, Baker McKenzie серіктесі Александр Коробейников, заңгер және арбитр Сергей Ватаев пен SIGNUM заң фирмасының басқарушы серіктесі София Жылкайдарова болды. Алдын ала раундтардағы өз көріністерінің нәтижесінде екі команда финалға шықты. Кэмпбелл-Холт мырза: «Біз өзіміздің АХҚО соты мен ХТО үшінші жыл сайынғы студентік оқу процесін табысты өткізгенімізді мақтан етеміз. Алғаш рет біз осындай жарысты пилоттық жоба ретінде 2018 жылы, бірінші жыл болғандықтан тек екі қазақстандық командамен ғана өткіздік. Биыл біз таяу шетелдерден студенттерді шақырып, конкурс ауқымын кеңейттік. Бүгінгі таңда АХҚО соты мен ХТО-да істер санының ұлғаюы жалғасып отыр, қазірдің өзінде олардың саны 200-ден асты, мыңдаған коммерциялық келісімшарттарға біздің дауларды шешу туралы ережеміз енгізілген, біз Қазақстан мен ТМД заң бизнес-қауымдастығымен өзара әрекет ету және ақпарат беру бойынша озық бастамаларды пайдалануды жалғастыратын боламыз. Біз Орталық Азия мен ТМД елдерінде коммерциялық дауларды шешу бойынша бірінші таңдау нөміріне айналуға тырысамыз», - деп түсініктеме берді. Финалдың бейнежазбасы АХҚО сотының және ХТО веб-сайттарында court.aifc.kz және iac.aifc.kz көрсетілген.

-->